Арыс қ., Ә.Салықбаев көшесі №33
8 (72540) 2-17-00

Байланыс телефоны

school_jangeldin@mail.ru

Электронды пошта

Дс-Жм 8:00-18.00

Сб, Жс - демалыс

Мектеп тарихы

Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің 

"№32 Ә. Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі"

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қысқаша тарихы

 

ХХІ ғасыр білім мен ғылым ғасыры. Сондықтанда жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр.Басты міндет,ең құнды ,маңызды мәселе – жас ұрпаққа терең білім мен тәрбие беру арқылы жан-жақты дамыған,бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.

 Әрине осы міндеттерді іске асыратын орта – мектеп.

Міне осындай Арыс қаласындағы №32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі бай тарихи шежіресі бар, түрлі өркендеу, даму кезеңдерінен өткен, халқына тәрбие мен ғылым негіздерінің нұр сәулесін сепкен білім ордасы.

Отбасынан бастау алар тәрбиені біліммен толықтырып талай еліміздің азаматтарын тәрбелеп келе жатқан бұл білім ұясы 1922 жылдан бері жұмыс жасайды. Алғашқыда 4 жылдық мектеп, кейіннен 7 жылдық мектеп болып әр түрлі жерлерде көшіп жүрген. 1930- шы жылдардың екінші жартысында жергілікті тұрғындардың артуына байланысты және Кеңес үкіметінің білім беру ісін жақсартуға арналған шараларына сәйкес жаңа мектеп құрылыстарын салу қолға алына бастағанда, 1936 жылы мектеп салу мәселесімен сол уақыттардағы талаптар бойынша Москваға алты адамнан құралған арнайы топ сапар шеккен, топтың ішінде мектеп ұстаздары да болған.

Одақ астанасы Москваға велосипедпен барып, мектеп құрылысына рұқсат алу, сол кезеңдегі ұстаздарымыздың жанқиярлық, қажырлы еңбегі екенін мақтанышпен айтқым келеді. Сол Москваның шішімімен мектебіміздің

1936 жылы негізі қалыптасқан. 1938 жылы Әліби Жангелдин есімі берілген. Осы жылдардан бері Ташкент темір жолына қарасты, одан Алматы темір жолына қарасты мектептер қатарында болған.

Сол жылдардан бері мектепті Білім беру ісіне еңбегі сіңген азаматтар мен азаматшалар басқарған.

Юсупов Сарсен

Кәдірбаев Төлеп

Алтынбекова Күләзия

Қарабаев Мылтықбай

Орманов Елтай

Жүнісов Сағат

Достанов Жебел

Үдерханов Мейрамхан

Ережепов Қонақбай

Жунисова Рахима

Мектебіміз 1958 жылға дейін Ташкент теміржолына қарасты болып келсе, 1967 жылы Қазақ теміржолы жаңадан құрылғанда әуелі №369 Әліби Жангелдин атындағы мектеп деп, ал 1978 жылдан бастап алматы теміржолына қарасты №7 мектеп болып аталды. 1955-1956 жылы оқу жылында мектепте тұңғыш рет орта білім алған түлектер ұшырылды.

Мектебіміз бай тарихи шежіресі бар, түрлі өркендеу, даму кезеңдерінен өткен, халқына тәрбие мен ғылым негіздерінің нұр сәулесін сепкен қара шаңырақ, бүгінгі күні онда еңбек еткен әрбір ұстаздың, оқыған әрбір шәкіртінің қадірлейтін ыстық ұясына айналды. Мектептің жыл сайынғы ұшырған түлектері Республикамыздың әр түкпірінде түрлі салаларда еңбек етіп жүр. Бұлар мектебіміздің мақтанышы, бетке ұстар абыройы болып табылады.

Жұрынов Мұрат- Химия ғылымдарының докторы, профессор

Қуатбеков Әбдімұса- Химия ғылымының докторы, профессор

Ақкөзов Әбдіжәлил - филология ғылымдарының кандидаты

Ұлбосын Әбенова – медицина ғылымының докторы

Оңалбек Нәлиев –техника ғылымының докторы

Өскен Мәдиев – техника ғылымының докторы

С.Керімбеков – медицина ғылымының докторы

Нұрым Оспанов – физика-математика ғылымының докторы.

2017 жылдан бері мектепті алдыңғы толқын аға буынның салған сара

жолын жалғастырып келе жатқан, осы мектепте тәжірибесін жинақтап шыңдалған ұстазымыз білім беру ісінің үздігі, «Алтынсарин» медалінің иегері Жунисова Рахима Мелдеханқызы басқарып келеді.

Әкімшілік қызметпен қоса, мұғалімдердің жақсы жұмыс жасауы үшін жағдай жасай білу ,олардың тұрмыс –тіршілігіне, әлеуметтік жағдайларына көңіл бөлу,қажет кезінде көмек қолын созып отыру,қорғай білу мектептің ең маңызды мәселелері десек қателеспейміз. Мектепке сапалы мамандарды тарту және олардың кәсіби тұрғыда дамуына ықпал ету арқылы,олардың көзқарасы мен әлеуетін және белсенділігін арттыра білу мектептегі басты қажеттілік. Үлкен ұжымды айрандай ұйытып басқару, оқушыларды сапалы біліммен қаруландыруға жағдай жасау оның басшылық қызметіндегі ең негізгі міндеттерінің бірі.

Бүгінгі таңда мектебіміз өскелең ұрпаққа осы заманға лайықты білім беруге  мүмкіншілігі мол ғылыми-мәдени орталыққа айналды.

Мектепте 63 сынып комплектісі бойынша 1670 оқушы білім алып, тәрбиеленуде.

Мектептің жалпы оқу-тәрбие бағытындағы жұмыстарға 159 педагог қызметке тартылған. Олар 100 пайыз жоғары білімді мамандар. Мектептің кәсіподақ ұйымының басшысы болған білікті,әдіскер ұстаз   С.Дарбишовтің еңбегін жалғастырған С.Әлжан болса, бүгінгі күні осы қызметті мектебізде жалғастырып келе жатқан, ұжымның мұң мұқтажын тыңдап, әрбір істе қасынан табыла білетін Серманизов Қаймақан Тұрдалыұлы.

Мектептің барлық іс- шарасына қолдау көрсетіп жүрген,мұғалімдеріміздің жанашыры,қамқоршысы.   Мектепте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда өздерінің үздік тәжірибесі мен  ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетіп ұжымның бірігіп бір кісідей бірлесіп жұмыс жасауына ықпал етіп жүрген директордың орынбасарлары Батырбекова Жібек Тілеуханқызының, Достанов Нубдилла Жебелұлының, Ахметова Мейіркүл Сламбекқызының, Қуаныш Нәсір Орынбасарұлының, Айтбаев Нышанбек Сапарбайұлының, Жатенова Эльмира Миқашқызының еңбектері ерекше. Жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамыту, зерттеушілік қабілетін арттыру мақсатында жұмыс жасап мектептің білім сапасының көтерілуіне өзінің зор үлесін қосып келе жатқан ұстаздарымызға тек алғыс білдіреміз.                                                                                                                 Олар: Л.Илясова,Д.Ақбердиева,К.Тілепова.Г.Албосынова;А.Дүйсенбаева,К.Жарасбаева,Б.Рысбекова,А.Жұмабекова.А.Асанова,Н.Найманбаева,А.Орынбасарова,К.Батырханова,А.Айтбенбетова,П.Танкеева,Ж.Спакешова, Г.Қожабекова, Ұ.Салқынбекова,Ж.Салықбаева,Ф.Жолдасбекова,Р.Шегебаева,Г.Жанаева,Г.Шерниязова, Г.Алдашова,Г.Мамырова,М.Төреханова,Г.Алдаберген,Г.Жұмақаева,К.Дүйсенбаева,С.Бабатаева,С.Смайл, Н.Жаңабаев,Ш.Тоғызбаев,А.Ибраймовтер.

Мектеп жыл сайын озық тәжірбиені жалықпай үйреніп,өздерінің кәсіптік шеберлігін шыңдап, ортақ іске сүбелі үлесін қосып жүрген Е.Аймурзаев,Д.Ускенбаева,Л.Заурбекова,Ж.Абдрахманова,А.Бакирова, В.Каримова, Д.Ускумбаева,Р.Исабеков,А.Мусаева,Ж.Мамутов,Е.Спатай, Г.Бәдренова,Д.Алиева,М.Алимбекова сынды жас мұғалімдермен толыға түсуде.

Білікті басшының ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында  2017-2018 оқу жылында мектеп «Жылдың үздік мектебі-2017»  номинациясымен марапатталды.   Мектепте оқушылардың таным қабілетін кеңейтіп, рухани азық алуына, патриоттық рухта тәрбиелеу ісі мықтап қолға алынған. “Абай даналығы», «Өлкетану» бұрыштары жас ұрпақты жасампаздыққа жетелесе, 2017 жылы ашылған «Педагогикалық мұражай» пайым-парасаттылық пен ізгілікке толы. Биылғы оқу жылында мектеп ұжымы алдына үлкен мақсат пен міндеттер белгілеп отыр. Жыл сайын мектеп оқушылары мен ұстаздары аудандық,облыстық,республикалық дәрежедегі байқау,олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарды иемденуде.

Мектеп миссиясы: Ұлттық құндылықтарды қалыптастыра отырып, ынтымақтастықта жұмыс жасау, қолдау көрсету, заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушы әлеуетін дамыту.

Мектептің болашаққа бағдары: Ортақ мақсаттарға біріккен педагогтер қауымдастығы бар, мектеп мәдениеті қалыптасқан, оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуда заманауи әдістер қолданатын мектеп.

Перспективалық жоспардың мақсаты: Оқу мен оқыту үдерісіне иновациялық жобаларды ендіру арқылы,мұғалімдерге сабақты зерттеуді меңгерту,оқушыларға құндылықтар негізінде тәрбие беру.

2022-2023 оқу жылында мектебіміз жыл қорытындысы бойынша ауданымыздан іріктеліп облысқа ұсынылды,облыстық жыл қорытындысы бойынша «Облыстық жылдың үздік мектебі» номинациясымен марапатталып Облыс әкімі Д.Сатыбалдының арнайы «ҮЗДІК МЕКТЕБІ» дипломымен марапатталды.     

 Мектеп директоры

 ЖУНИСОВА РАХИМА МЕЛДЕХАНОВНА 1965жылы   желтоқсанның 16 жұлдызында Арыс қаласында дүниеге келген. М.Әуезов      атындағы Шымкент педагогикалық институтын 1988 жылы бітірген. Рахима  Мелдеханқызы  №32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 1988 жылдан бері қызмет атқарып келеді.  Рахима Мелдеханқызы 2005 жылы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  қызметін атқарды. 2005 жылы ОҚО білім басқармасының, қала әкімінің марапаттауларына ие болды.  Рахима Мелдеханқызы 2006ж -2017 жылдар аралығында директордың оқу ісі жөніндегі қызметін атқарды. 2006 жылы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылды. Сонымен қатар мектептің оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру міндетін атқарды. 2008-2012 жылдар аралығында жүргізілген 12 жылдық эксперимент алаңындағы жұмыстарды ұйымдастырып жүргізу міндетін атқарды. 12 жылдық білім беру бағыты бойынша «Білім берудегі жаңашылдық» тақырыбындағы облыстық байқауға қатысып мектеп мәртебесін көтере отырып, жүлделі ІІІ орын алып облыстық марапатқа ие болды. 2013 жылы Н.Назарбаев шеберлік орталығында Бірінші (ілгері) деңгей бойынша біліктілік курсынан өтті. 2015-2016 оқу жылында «Жылдың үздік мұғалімі» медалімен марапатталды. 2016 жылы тамыз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2017 жылы осы аталған мектептің директоры қызметіне конкурстық негізде тағайындалды. 2017-2018 оқу жылында әдістемелік нұсқаулығы жарық көрді. 2019 жылы облыстық «Табысты менеджер-2019» байқауына қатысып,«Креативті басшы» номинациясын иемденді.2019 жылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық,қоғамдық-саяси дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Түркістан облыстық мәслихатының «Құрмет грамотасымен» және Қала әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.2019жылы Педагог қызметкерлердің облыстық кәсіподағының төс белгісімен марапатталды.2020 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды. 2020 жылы Түркістан облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды. 2021ж-2022 жылы Қала әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. 2022жылы Қала әкімінің «Арыс қаласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Оқу ісінің меңгерушісі

 БАТЫРБЕКОВА ЖІБЕК ТІЛЕУХАНҚЫЗЫ 1968 жылы мамырдың 23 жұлдызында Арыс қаласында дүниеге келдім.1975 жылы Арыс қаласындағы №32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта мектебіне 1 сыныпқа қабылдандым, 1985 жылы мектепті бітіріп, сол жылы Алматы қаласындағы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің география факультетіне сырттай оқуға түсіп, 1991 жылы «география пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша оқуды бітірдім.  1985 жылдың қыркүйегінен бастап №32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта мектебіне пионер вожатый болып жұмысқа орналастым.Осы аталған мектепте 1991 жылдың 01 қыркүйегінен география пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқардым.1999 - 2010 жылдар аралығында тарих –география пән бірлестігінің бірлестік жетекшісі қызметін атқардым, «Озық педагогикалық тәжірибе» тобының белсенді мүшесі ретінде көптеген жұмыстарды ұйымдастырдым.1998 жылы «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталдым. 2010 жылдың 01 наурыз айынан бастап, қазіргі уақытта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келемін. 2012 жылы және 2018 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен» марапатталдым. 2020 жылы облыстық кәсіподақ ұйымының төс белгісімен марапатталдым. 2022 жылы қыркүйек айында «Екінші санатты басшының орынбасары» біліктілік санатына өттім.Республикалық ғылыми –әдістемелік бағытында «Оқу өндіріс тәжірибесінде инновациялық технологияларды пайдалану тиімділігі» тақырыбындағы авторлық бағдарламам жарыққа шықты.

Оқу ісінің меңгерушісі

ДОСТАНОВ НУБДИЛЛА ДЖЕБЕЛОВИЧ 1970ж 31-қазан күні Түркменстан Республикасының Мары облысының Кушка ауданының Ташкөпір ауылында дүниеге келдім.1991 жылы Шымкент қаласындағы Шымкент гидромелиротивным –строительный колледжін бітірдім.1993 жылдың 1-қыркүйегінен Арыс қаласындағы №32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне еңбек пәнінің мұғалімі болып қабылдандым.       1999 жылы Шымкент әлеуметтік педагогикалық университетіне түсіп, 2003 жылы тарих пәні мұғалімі мамандығын бітірдім. 2003жылы 1-қыркүйегінен бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс атқардым. 2017 жыл 14-наурыздан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс атқарып келемін.   Отбасылық жағдайым: жұбайым 2-қыз 2-ұлым бар.                                                                                       

 

 

 Оқу ісінің меңгерушісі

АЙТБАЕВ НЫШАНБЕК САПАРБАЕВИЧ  1981жылы 19 қаңтар күні Түркістан облысы, Монтай-тас ауылында дүниеге келдім.  1998 жылы Мұхтар Ауезов Атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетіне түсіп, 2002жылы математика және информатика пәнінің мұғалімі мамандығын бітірдім. 2002 жылдың қыркүйегінен Арыс қаласындағы Арыс теміржол колледжіне Математика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа қабылдандым. 07.08.2012 жылы №32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта мектебіне Әлеуметтік педагог болып жұмысқа қабылдандым. 01.03.2014 жылдан бері Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасап келемін.   Отбасылық жағдайым: Жұбайым, бір ұл, бір қызым бар.

 

 

 

Оқу ісінің меңгерушісі

  ТУЯКБАЕВА ФАРИДА АБДЫСАЛИЕВНА  1967 жылы 01 ақпан күні Түркістан облысы, Отырар ауданының Шәмші аулында дүниеге келдім. 1984 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтының ағылшын және неміс тілі факультетіне түсіп,1990 жылы ағылшын және неміс тілі пәнінің мұғалімі мамандығын бітірдім. 1990 жылың 1-қыркүйегінен Арыс қаласындағы №13 мектеп-интернатына ағылшын тілі пән мұғалімі болып жұмысқа қабылдандым.  2010 жылы Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-интернаттың директорының бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалдым. 2022 жылы №32. Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектепке директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары болып жұмысқа қабылдандым.

Отбасылық жағдайым: Жолдасым, екі ұл, бір қызым бар.

 

 

Оқу ісінің меңгерушісі

   ЖАТЕНОВА ЭЛЬМИРА МИХАШҚЫЗЫ   1982 жылы 13 маусым күні Түркістан облысы, Арыс қаласында дүниеге келдім.  2000 жылы Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық Университетіне түсіп, 2004 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын бітірдім.  2005 жылдың 1-қыркүйегінен Арыс қаласындағы №32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмысқа қабылдандым.  2017 жылдың 23-қарашасынан бастап аталған мектепте директордың бейіндік-ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс атқарып келемін.

Отбасылық жағдайым:Екі қыз,бір ұлым бар.

 

 

Тәрбие ісінің меңгерушісі

  АХМЕТОВА МЕИРКУЛЬ СЛАНБЕКОВНА Сайрам ауданы Келте - Машат кентінде 1965 жылы 2 қарашада дүниеге келдім. 1973 жылы Темірлан ауданына қарасты Бадам станциясында С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің 1-сыныбына қабылданып, 1983 жылы аталған мектепті бітіріп шықтым. 1984 жылы Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтына қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1988 жылы бітіріп шықтым. Алғашқы еңбек жолымды Қызылқұм ауданындағы Н.Крупская атындағы жалпы орта мектебіне қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастадым. 1989 жылы отбасы жағдайына байланысты Арыс қаласындағы С.М.Киров атындағы жалпы орта мектебіне қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналастым. 1995 жылы 1-қыркүйекте № 7 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта мектебініе қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналастым. 2006 жылы 1 қыркүйегінен бастап осы мектете директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келемін.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің Алғыс хаты, 2016 жыл «Менің Президентім – менің елім» атты облыстық шеруде Түркістан облысының Білім басқармасының басшысы И. Сағындықовтың Алғыс хаты, 2018 жыл Жас ұрпаққа саналы тәрбие берудегі игі істері үшін Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының басшысы Қ.Құлажановтың Құрмет грамотасы,         2016ж  Қазақстан Республикасының 30 жылдығы аясында өткен «Тәуелсіздік – биік болсын тұғырың» ашық диалог алаңына қатысқаны үшін Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының директоры Б.Ешенқұловтың Алғыс хаты  «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісі, 2019 жыл Арыс қаласының әкімі М.Қадырбектің Алғыс хаты, 2018 жыл Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ы.Алтынсарин. ұлттық педагогика, методология» аралас форматта аймақтық онкүндіктің іс-шараларын ұйымдастыруда белсенділік танытқаны үшін мадақтама  Ел болашағы жас ұрпаққа саналы тәрбие беруде сіңірген еңбегі үшін Арыс қаласы «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ә.Мұсаевтың Алғыс хаты, 2019 Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекованың «Алғыс хаты» 2022 жыл

Тәрбие ісінің меңгерушісі

НӘСІР ҚУАНЫШ ОРЫНБАСАРҰЛЫ  1982 жылы 20 қараша күні қазіргі Түркістан облысы,Арыс қаласында дүниеге келдім. 2000 жылы Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетіне түсіп, 2004 жылы дене шынықтыру және жаттықтырушы мамандығын бітірдім. 2005 жылдың 1-қыркүйегінен Арыс қаласындағы С.Адамбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмысқа қабылдандым. 2013 жылдың 1 қыркүйегінен бастап №372 бастауыш мектепке директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыска ауыстым 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап №11 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебіне директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыска ауыстым 2017 жылдың 24 наурызында №32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектепке директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыска ауысып осы аталған мектепте жұмыс атқарып келемін.    Отбасылық жағдайым:4 қызым бар.

Психолог

ШЕГЕБАЙ ГҮЛЖАУҺАР ӘУЕЗХАНҚЫЗЫ  1977жылы 20 мамыр күні Түркістан облысы, Шардара ауданы Сүткент ауылында дүниеге келдім. 1996 жылы Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік университетіне түсіп, 2001 жылы Философия мамандығын алдым. 2001 жылы Шардара ауданы Қызылқұл ауылында «Қызылқұм» жалпы орта мектебінде педагог-психолог болып жұмыс жасадым. 2001 жылдың қаңтар айынан бастап Шардара ауданы «Көксу» елді мекенінде «Саттар Ерубаев» атындағы жалпы орта мектебінде осы қызметімді жалғастырдым 2004 жылдан бастап Арыс қаласындағы №32 Ә. Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне педагог - психолог маманы болып жұмысқа қабылдандым. 2007 жылы Шымкент қаласындағы «Шымкент» университетіне түсіп, 2009 жылы педагогика-психология мамандығы бойынша бітірдім. Қазіргі таңда №32 Ә. Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде педагог - психолог қызметіндемін.   Отбасылық жағдайым: жұбайым, 2 ұл 3 қыз тәрбиелеудемін.

 

Психолог

ДИЛИМБЕТОВА ДИНАРА СЕЙТКАЛИЕВНА  1990 жылы 17 қаңтар күні Қызылорда облысы, Шиелі ауданы Ы.Жақаев ауылында дүниеге келдім. 2007 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіне түсіп, 2011 жылы педагогика және психология мамандығын алдым және 2012 жылы Шымкент қаласындағы «Мирас» университетіне түсіп, 2014 жылы Биология мамандығын бітірдім. 2012 жылдың 23 қаңтарында Арыс қаласындағы №32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы білім беретін мектебіне педагог-психолог мамангы болып жұмысқа қабылдандым.

Отбасылық жағдайым: жұбайым,бес ұлым бар

 

 

Педагог-социолог

НУРТАЕВА АЙДАНА БАҚТЫБЕКҚЫЗЫ   1993 ж 1-маусым күні Түркістан облысы Арыс қаласының Алатау батыр ауылында дүниеге келдім.  2016 жылы Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінде педагогика және психология мамандығын бітірдім.  2015 жылы «Абусейд» мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту шағын орталығы ЖШС-не тәрбиеші көмекшісі болып жұмыс жасадым.  2017жылы «Абусейд» мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту шағын орталығы ЖШС-не тәрбиеші қызметіне ауыстым. 2019жылы «Нұр-Аяла» балабақшасы ЖШС-не педагог-психологы болып қабылдандым.2021жылы №32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне әлеуметтік-педагог болып қабылдандым.           Отбасылық  жағдайым: жұбайым,3-қызым,2-ұлым бар.

 

 

 

Кітапханашы

МАНАЕВА АҚМАРАЛ АДИЛХАНОВНА 1966жылы 8 маусымда Ленин ауданы (қазіргі Қазғұрт ауданында) Шағыр елді мекенінде дүниеге келдім. 1973 жылы Шағыр 8 жылдық мектебіне барып,1983 жылы мектепті бітірдім. 1983 жылы ст Шағыр №10 бала бақшада жұмыс жасадым. 1984 жылы Шымкент қаласындағы ПТУ-5-те тәрбиеші болып жұмыс жасадым. 1985жылы Жетісай қаласындағы Мәдениет-ағарту техникумына кітапхана мамандығы бойынша оқуға түсіп 1987жылы бітірдім. 1988 жылы Арыс қаласындағы Орталық кітапханаға жұмысқа кіріп,2006 жылға дейін жұмыс жасадым. 2009 жылы Оңтүстік Қазақстан М.Әуезов университетіне кітапхана мамандығы бойынша оқуға түсіп,2011 жылы бітірдім. 2006 жылдан бастап №32 Ә.Жангелдин орта мектебіне кітапханашы болып жұмысқа қабылдандым,қазіргі таңға дейін осында   жұмыс   жасап жатырмын.

 

 

Мектеп әскери жетекшісі 

АЙМУРЗАЕВ ЕРБОЛ ӘДІЛБЕКҰЛЫ  1986 жылы 20 ақпан күні қазіргі Түркістан облысы,Арыс қаласында дүниеге келдім. 2004 жылы Арыс қаласындағы С.Қожанов атындағы қазақ орта мектебін аяқтап, сол жылы М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ алғашқы әскери дайындық факультетіне түсіп, 2008 жылы алғашқы әскери дайындық оқытушысы мамандығын алып шықтым. 2010 жылы Арыс қаласындағы №32 Ә.Жангелдин атындағы мектепте алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болып бастадым.

Отбасылық жағдайым: 2 қызым,ұлым бар.

 

 

 

Шаруашылық меңгерушісі 

ЕРЕЖЕПОВ БАКЫТ КАСКИРБЕКОВИЧ  1977жылы 7-желтоқсан күні Шымкент облысы Бөген ауданының Ақдала совхозында дүниеге келдім.     1985 жылы Арыс қаласындағы №13 мектеп интернатына 1 сыныпқа оқуға бардым. 1995 жылы мектепті бітіріп 1996 жылы ОҚО Түркістан қаласындағы ХҚТУ-нің тарих факультетіне түсіп 2000 жылы жоғарғы оқу орнын бітіріп шықтым.Еңбек жолын 2000 жылы Арыс қаласының мұражайында аға ғылыми қызыметкер болып бастап 2002 жылыдың 7 шілдесіне дейін қызмет атқардым. 2005-2008 жылдар аралығында Шымкент қаласында жеке кәсіпкерлікпен айналыстым. 2005-2008 жылдар аралығында ХҚТУ-нің экономика факультетінде мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығын бойынша оқыдым. 01.12.2008 жылы №2 бастауыш мектебінде шаруашылық меңгерушісі болып қызмет атқардым. 01.12.2008 жылы жұмыс барысында мектеп әкімшілігінен,Арыс қалалық білім бөлімінен мақтау қағаздарымен мадақталған,Nur Otan партиясының құрмет граматасымен,Арыс қаласының білім және ғылым қызыметкерлері кәсіподағы комитетінің Алгыс хатымен марапатталған 12.09.2022 жылдан бастап №32 Ә.Жангелдин атындагы жалпы орта мектебінде шаруашылық меңгерушісі болып қызмет атқардым.   Отбасылық жағдайым: жұбайым 1-қыз 3-ұлым бар.

Кәсіподақ

  СЕРМАНИЗОВ ҚАЙМАХАН ТУРДАЛЫҰЛЫ 1962 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Задарья елді мекенінде дүниеге келген. 1969 жылы Шағыр станциясында №364 Шағыр сегіз жылдық мектебінде 1 сыныпқа барып, 1977 жылы 8 жылдықты бітірді. 1977 жылы ст. Бадамда С.Сейфуллин мектебінде оқып, 1979 жылы бітіріп шықты. 1979 жылдан 1981 жылға дейін Ленин ауданы Монтайтас совхозында комсомол жастар бригадасында жұмыс жасады. 1981 ж Шымкент педагогикалық институтына түсіп 1986 жылы бітіріп шықты. 1986-1994 ж дейін С.Қожанов мектебінде жұмыс жасады. 2002 жылдан №32 Ә.Жангелдин мектебінде қызмет етеді. Марапаттары: 2017 ж. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ең үздік шығармашыл ұстаз» облыстық көрме байқауында жүлделі ІІІ – дәрежелі Дипломмен, 2020 ж Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаевтың «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі күні» мерекесіне орай Құрмет грамотасымен марапатталды. 2021 ж Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаевтың «Мұғалімдер күні» және «Қазақстан Кәсіподақтар күні» мерекесіне орай Құрмет грамотасымен марапатталды. 2022ж Orleu-TV.kz Республикалық ғылым мен білімді қолдау орталығынан Алғыс хатпен марапатталды. 2022ж «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен марапатталады.

Байланыс

Арыс қ., Ә.Салықбаев көшесі №33