Арыс қ., Ә.Салықбаев көшесі №33
8 (72540) 2-17-00

Байланыс телефоны

school_jangeldin@mail.ru

Электронды пошта

Дс-Жм 8:00-18.00

Сб, Жс - демалыс

Бос орынға конкурс жариялау

Түркістан облысы білім басқармасының

Арыс қаласының білім бөлімінің

«№32 Ә. Жангелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Педагогтың бос лауазымына қабылдау туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

Түркістан облысының білім басқармасының Арыс қаласының білім бөлімінің «№32 Ә. Жангелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі ағылшын тілі пәнінен 16 сағаттық 1 тұрақты педагогты жұмысқа қабылдауға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына енгізілген өзгеріс ((ҚР Оқу-ағарту министрінің 15.08.2023 № 259) 3-тарау,1-параграф бойынша конкурс жарияланады.

Мекеме атауы: Түркістан облысының білім басқармасының Арыс қаласының білім бөлімінің  «№32 Ә. Жангелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

         Білім беру ұйымының орналасқан жері:

Түркістан облысы, Арыс қаласы, А.Салықбаев №33

Эл.поштасы:           school_jangeldin@mail.ru

Телефон номері:     8(705) 486-21-51;  8(72540) 2-17-00

Негізгі фунционалдық міндеттері, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары белгіленген бос лауазымның атауы:

  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен (өзгерісі 31.03.2022ж.№121) бекітілген Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3- тарау 7-параграф, 64- тармақ барлық мамандықтардың пән мұғалімдеріне қойылатын талаптарымен лауазымдық міндеттері мен біліктілікке қойылатын талаптарды.(ескеру)

Еңбек ақы мөлшері:   150  000 теңге (бір жүз елу мың) теңге

Бос лауазымның атауы: Ағылшын  тілі  пәнінің мұғалімі

Уақытша қабылдау мерзімі:  тұрақты

Ағылшын  тілі  пәні мұғалімі-1; (16 сағат)

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 02-11 қыркүйек (демалыс күндерін қоспағанда) аралығында (Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде) жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін төменде көрсетілген құжаттарды мектептің қабылдау бөлмесіне электронды немесе қағаз түрінде тапсыруыңыз сұралады.

1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

  6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;

11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

155. Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Құжаттарды тапсыратын орын:   Қабылдау бөлмесі. 1-қабат.

Хабарландыру мектептің интернет-ресурсында  жарияланды:

  www.enbek.kz ; https://32jangeldin.edu.kz;

Мектеп  әкімшілігі

 

Байланыс

Арыс қ., Ә.Салықбаев көшесі №33